ЗЕРЕНДІДЕГІ ТУРЛАР

Ұйымдастырушы: Турфирма «Жемчужина Синегорья»
Телефон: 8701 140 67 96
Сайт: http://borovoe-tour.kz/
Instagram: https://www.instagram.com/borovoe_tour/
Зеренда
11 сағат
* 5000 тг дейін

Суббота 9.00

Бұл “Көкшетау” МҰТП-нің каньондарын, бұлақтарын, тарихи және табиғи ескерткіштерін танып білу үшін арналған саяхат. Сізді ұмытылмастай ғажайып табиғат көріністері, жүзумен хош иісті шай рәсімі күтуде. Түскі ас қосымша ақы негізінде ұсынылады.

экскурсия бағасына кіретін қызметтер:

  1. Көлік.
  2. Экскурсия барысындағы гид қызметі.
  3. Бағдарламаға кіретін көрнекі жерлерге билет.
  4. ЕҚТА пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған салықтар, алымдар және маршруттық парақты төлеу .

Көлік: жеңіл автомобильдер, “Хундай Старекс”, “Тойота Хайс”, “Мерседес Спринтер” мини-автобустары, туристік автобустар

Сіздер үшін жайлы автобустар мен білікті гид-экскурсоводтар қызмет атқарады.

Экскурсияның бағдарламасы мен бағыты қонақтардың қалауына сәйкес өзгере алады.

Ұйымдастырушы: Турфирма «Круиз»
Телефон: +7 (701) 511-67-12
Сайт: http://www.kruiz.kz/index.php
Instagram: https://www.instagram.com/kruizkokshe/?hl=ru
Спорттық Зеренді
4 сағат
* 4000 тг дейін

Сізге “Парус” спорттық базасының аумағында көркем курорттық аймақта белсенді уақыт өткізуді ұсынамыз”. Экскурсиялар ыңғайлы автобустарда, гид пен экскурсоводтың қолдауымен өткізіледі.

 

Автобустар балаларды тасымалдау үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бейне жүйесі, Теледидарлар.
Барлық экскурсиялық бағдарламалар әр топ үшін жеке дайындалған.
Автобустарды жол полициясы патрульдік көлігі алып жүреді.
Экскурсия екі тілде (қазақ, орыс) жүргізілуі мүмкін)
Тапсырыс берушімен келісім бойынша бағдарламада өзгерістер болуы мүмкін.

Ұйымдастырушы: Турфирма «Круиз»
Телефон: +7 (701) 511-67-12
Сайт: http://www.kruiz.kz/index.php
Instagram: https://www.instagram.com/kruizkokshe/?hl=ru
“Үздік жаңа жыл!” Бір күндік экскурсиялық-ойын-сауық бағдарламасы.
4 сағат
* 3000 тг дейін

Сіздерге “Зеренді” көлінің жағасында, қарағайлы бордың жартасты алқаптарында, “Сұңқар”сауықтыру кешенінде көркем курортты жерде демалуды ұсынамыз. Қысқы пейзаждар әсіресе әдемі!!!

 

Экскурсиялар ыңғайлы автобустарда, гид пен экскурсоводтың қолдауымен өткізіледі.
Автобустар балаларды тасымалдау үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бейне жүйесі, Теледидарлар.
Барлық экскурсиялық бағдарламалар әр топ үшін жеке дайындалған.
Автобустарды жол полициясы патрульдік көлігі алып жүреді.
Экскурсия екі тілде (қазақ, орыс) жүргізілуі мүмкін)
Тапсырыс берушімен келісім бойынша бағдарламада өзгерістер болуы мүмкін.

Ұйымдастырушы: МҰТП «Көкшетау»
Телефон: 8 (7162) 26-95-50
Сайт: https://gnppkokshetau.kz/
Э-поштасы: kokshepark@mail.ru
Instagram: https://www.instagram.com/kokshetau_mutp/
«Зеренда көлі» туристік маршруты
3 сағат 10 минут
* 500 тг дейін

«Зеренда көлі» туристік маршруты

 

 

1.Маршрут жібі: «Восточная» д/б – «Лагуна» д/б – «Айзере» д/б – «Восточная» д/б

Маршрут ұзақтығы: 4,8 км екі жаққа, ұзақтығы аялдаманы ескере отырып 3 сағат 10 мин,
2.Қозғалыс түрі: су

Соқпақтың қысқаша сипаттамасы (сипаты):

Маршрут «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының аумағы бойынша «Зеренді» көлінің аумағында өтеді. Қозғалыс «Восточная» демалыс базасынан басталады.

Бұдан әрі «Лагуна» д/б танысу және демалыс мақсатында тоқтау. Ары қарай қозғалысты «Зеренді» көлінің шығыс жағы бойынша жалғастырамыз.

«Зеренді» көлі Зеренді тауларының солтүстік-шығыс беткейлері маңында орналасқан. Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа – 1.8 м. Теңіз деңгейі үстінен абсолюттік белгісі 370,4 м құрайды, көлдің ұзындығы – 5,3 м, ені – 3,4м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау

желісінің ұзындығы – 21,3км. Көлдің беті ашық, тек батыс бөлігінде 100-150 м қамыс өскен.

Бұдан кейін топ «Орманды бұлақ» филиалының балансындағы «Айзере» д/б маршрутына жақындайды, танысқаннан кейін «Восточная» д/б қайта барады.

Ұйымдастырушы: МҰТП «Көкшетау»
Телефон: 8 (7162) 26-95-50
Сайт: https://gnppkokshetau.kz/
Э-поштасы: kokshepark@mail.ru
Instagram: https://www.instagram.com/kokshetau_mutp/
«Көк мүйіс»№29 туристік соқпағы
2 сағат 40 минут

Соқпақ жібі: «Восточная» демалыс базасы – демалу алаңы – жартылай арал «Көк мүйіс» – демалу алаңы – «Восточная» демалыс базасы.
Қашықтығы: 6,8 км екі жаққа да, ұзақтығы 2 сағат 40 мин, аялдамаларды ескере отырып.

 

Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы аумағы бойынша өтеді. Қозғалыс «Восточная» демалыс базасынан басталып, қарағайлы орман бойынша демалу алаңына дейін Зеренді көлі жағалауының оңтүстік-батыс бағытында жалғасады. Демалу алаңы Зеренді балық өсіру орталығының сорғыш станциясының жанында орналасқан. Демалу алаңында ұзақ емес демалыс қарастырылған.

Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м, көл ұзындығы – 5,3 км, ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды.

Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде жағалаулық белесінің ені 100-150 м қамыс өскен. Көлдің түбі негізінен біркелкі, құмды, малта тасты және қой тасты.

Бұдан кейін қозғалыс автомобильдік жол бойынша шлагбаумға дейін жалғасады «Көк мүйіс» ж/алаңына дейін.

Қарағайлы орман арқылы өтетін жолда Зеренді көлі жағалауына шығамыз, ол жерде ұзақ демалыс қарастырылған.

Бұл жерлерде саңырауқұлақтар көп – грузди, майқұлақтар мен арыштар, ақ саңырауқұлақтар, терекқұлақтар мен қайың саңырауқұлақтар, сазқатпа және қатпаршақ және т.б. кездеседі.

Орман жидегін де кездестіруге болады – шие, жидек, құлпынай, қой бүлдірген.

Ұйымдастырушы: МҰТП «Көкшетау»
Телефон: 8 (7162) 26-95-50
Сайт: https://gnppkokshetau.kz/
Э-поштасы: kokshepark@mail.ru
Instagram: https://www.instagram.com/kokshetau_mutp/
«Жыланды шоқысы» №19 туристік маршруты
28 сағат

Маршрут жібі: «Сұңқар» СК – «Орманды бұлақ» қорғаны және қорымдары – «Қарсақ» археологиялық ескерткіші – «Өмір суы» сарқырамасы – «Орман алаңы» – «Жыланды» шоқысы – «Айдаһар үңгірі».
Қашықтығы: 87 км екі жаққа, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 28 сағат.

 

3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:
Маршрут «Орманды бұлақ» филиалының аумағында өтеді. Туристік маршруттың қозғалысы Зеренді филиалының аумағында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінен батысқа қарай тас жолдан басталады.

20 минуттық жолдан кейін маршрут «Орманды Бұлақ» қорғандары мен қорымдарына әкеледі. 2010 жылы археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде мал жайылымы мен егін шаруашылығына арналып жыртылған жерлерге жататын аумақта ғылыми тұрғыда қызығушылық танытатын біздің эрамыздан 2 мың жыл бұрынғы қола дәуіріне жататын, жоғары биік қыраттағы Қарсақ ауылынан оңтүстік шекараға қарай 4 шақырым жерде орналасқан «Орманды Бұлақ» ескерткіші табылды.

Орманды бұлақ қорымы «Мостовой» кордонынан оңтүстік-оңтүстік шығысқа қарай 3,5 шақырым және Қарсақ-Красный Кордон селолары бағытындағы асфальтсыз жолдан оңтүстік-шығысқа қарай 1,2 шақырым жерде орналасқан. Қола дәуірінен басқа ерте темір дәуірі мен орта ғасырлық кезеңге жататын қорғандар да кездесті. 50-ге таман жерлеу орындары байқаланды. Олардың диаметрі 6-дан 30 м-ге және биіктігі 0,2-ден-1,5 м-ге дейін жетеді. Қорған құрылымы мынандай болып келеді: тасты тақталар сақина тәріздес жағалай жабылған, тақталардың ұзындығы 2-2,5 м-ге, ал биіктігі 1,5 м дейін жетеді.

Қорым шұңқырлары тік бұрышты, трапеция тәріздес болып келеді. Шұңқырлардың жалпы тереңдіктері 80-180 см аралығында. Барлық қорым шұңқырларында бөренелерден жасалған ағаш құрылымдардың қалдықтары табылды. Анықталған шұңқырлардың біреуі тоналған, оны растайтын жағдай,қабір шұңқырында тәртіпсіз жағдайда жатқан ағаштың фрагменттері анықталды. Қорымдардың біреуінде 130-140 см тереңдікте анатомиялық тәртіпте адамның қаңқасы анықталды.

Бірнеше минут өткеннен кейін топ қола дәуірінің «Қарсақ» қонысы мен зираттар археологиялық ескерткішінің жанында болады. «Қарсақ» қонысы Шағалалы өзенінің сол жақ жағасында 1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Бұл жерде орналасуы, формасы және өлшемі сан алуан 18 тұрғын ойпаттардан құрылған шағын топ анықталған. Қазба жұмыстарды жүргізген кезде 20-105 м тереңдікте заттар табылды. Табылған заттар арасында керамика бұйымдардың сынықтары, тастан жасалған қару-жарақ бөлшегі, анықталмаған қола бөліктері, құмыра және көптеген жануарлар сүйектері бар. Ескерткіш б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасында Орталық Қазақстанда тұрған қола дәуірінің алакөл тайпаларынан қалуы мүмкін.

«Қарсақ» зираттары Шағалалы өзенінің сол жақ жағасындағы тегіс жерде орналасқан. Зираттар дөңгелек пішінді әр түрлі диаметрлі, жан –жағы тастармен қоршалған. Қарсақ зираттарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде осы қоныста өмір сүрген тұрғындардың ежелгі жерлеу орындары табылған.

«Қарсақ» тұрағы және зираттардан кейін қозғалыс оңтүстік бағытта тас жолмен «Өмір суы» сарқырамасына қарай жаяу жалғасады.

Бұл әдемі, таңғажайып жер итмұрын және шие бұталарымен жамылған жартастар арасында ағып өтетін Шағалалы өзенінде орналасқан. Сарқырама ағатын жерде өзеннің жағасы тік құламалы, биік және тасты болып келеді.Осында топ палаталық лагерь құрып түнеуге тоқтайды.

Келесі күні туристтер Үлгілі ауылына қарай далалы және орманды жолдармен жүреді. 1,5 сағат уақыттан соң топ шағын орманды алаңға демалу үшін тоқтайды.

Келесі демалу үшін аялдама қарағайлы орман арасындағы Жыланды шоқысының етегінде. Бұл жерде ағатын «Ясная падь» бұлағының таза суынан дәм тату үшін туристтер қысқа уақытқа тоқтайды.

Бұл жерде жыландар кездесетіндіктен шоқыны Жыланды деп атап кеткен.

Ары қарай қозғалыс оңтүстік бағытта Үлгілі ауылына қарай жалғасады. Топ бұл маршруттың бөлігін де жаяу өтеді.

Маршруттың соңғы нүктесі Үлгілі ауылына жақын жерде (ауылдан шығысқа қарай 1 км) Қауқарағай шоқысында орналасқан «Айдаһар» үңгірі. Үңгірдің ұзындығы Жыланды шоқысына қарай 2км-ге дейін жетеді (жергілікті тұрғындардың айтуынша) Қарт адамдардың айтуынша үңгірде төңкеріс кезінде Ақ және Қызыл әскердің кулактары мен сарбаздары кезек-кезек тығылған.

2007 жылы «Көкше» академиясының өлкетанушылары үңгірді ашу бойынша жұмыстар жүргізді.

2009 жылы үңгірдің кешенді спелеологиялық зерттелуі, өтетін орындарды топырақтан және тастардан тазарту басталды.

Үңгірдің атауы айдаһар туралы аңызға байланысты. Айдаһар тек қана жабайы аңдарға ғана емес, сонымен қатар үй жануарларына, жергілікті тұрғындарға қауіп төндірген. Суық түскенде айдаһар үңгірді паналап, жылыну үшін кірген кезде Кейкі батыр өзінің сарбаздарымен үлкен таспен үңгірдің аузын жауып тастайды

Бұл жерден туристтер «Сұңқар» СК автобуспен оралады.

Соқпақтың сызбасы

Ұйымдастырушы: Туристская тропа №5 Сопка «Стрекач»
Телефон: 8 (7162) 26-95-50
Сайт: https://gnppkokshetau.kz/?page_id=354
Э-поштасы: kokshepark@mail.ru
Instagram: https://www.instagram.com/kokshetau_mutp/
№5 «Қашқын» шоқысы туристік соқпағы

1. Соқпақ жібі: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Шиелі» шоқысы – «Қашқын» –«Тасбақа», Австрия қабырға шоқылары – «Қабан» бұлағы – Орман алаңы.
2. Қашықтығы: екі жаққа 8 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 3сағат 40 минут.
3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Қозғалыс «Сұңқар» сауықтыру кешені орман алаңқайынан орман жолы бойымен қайыңды тоғай мен жас қарағайлы орманды бойлай «Кабаний» бұлағының жанынан «Шиелі» шоқысына дейін жалғасады. Орман алаңқайының ортасындағы бұл кішігірім шоқы тобылғы және шие бұталары арасында орналасқан. «Шиелі» шоқысынан 1,5 км арақашықтықта «Қашқын» шоқысы орналасқан. Бұл шоқының теңіз бойынан ұзындығы 560 м құрайды. «Қашқын» шоқының шыңынан орман алқабын, Зеренді көлін, «Көк мүйіс» жартылай аралын және «Аю» шоқысын тамашалауға болады, «Аю» шоқысының теңіз бойынан ұзындығы 687 м құрайды
«Қашқын» шоқысынан түскен соң ұзындығы 19 шақырым «Австриялық қабырға» тасына келеміз. Ол 1914-1917 ж.ж. тұтқындағы австриялықтармен салынған. Ол мемлекеттік және шіркеулік ормандық алқаптарын бөліп тұрған. Әрі қарай «Тоқылдақ асханасына» келеміз, бұл жарылған қарағай ағашы – қарағай бүршігін азық ретінде пайдаланған тоқылдақтың мекені, әрі қарай танк пішініне ұқсас тас үйінділерін кездестіреміз, содан соң «Тасбақа» ландшафты табиғат ескерткіші көрінеді, бұл жерде тасбақаның сауыты мен басын анық байқауға болады.
Содан соң соқпақ «Қабан» бұлағынан өтеміз, бұл жерде қырықбуын мен қырыққұлақ мол өсіп тұр, ол жерден көпір арқылы өтіп орман соқпағына шығамыз. 800 метрден кейін соқпақ бастапқы, орман алаңы нүктесіне алып келеді.

Ұйымдастырушы: №6 «Аю» шоқысы туристік соқпағы
Телефон: 8 (7162) 26-95-50
Сайт: https://gnppkokshetau.kz/?page_id=19
Э-поштасы: kokshepark@mail.ru
Instagram: https://www.instagram.com/kokshetau_mutp/
№6 «Аю» шоқысы туристік соқпағы
1. Соқпақ жібі: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Қасиетті» бұлағы – «Жасартатын» бұлағы –«Бұлбұл» шағын орманы – «Қабан» бұлағы – «Аю» шоқысы – Орман алаңы.
2. Қашықтығы: екі жаққа 8 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 4 сағат 20 минут. 3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы: Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Сапар желісі оңтүстік-батыс автожолындағы қарағайлы орманда орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешені бойындағы орман алаңынан басталып «Қабан» бұлағына дейін және «Қасиетті» бұлағының жанынан қылқанды және жапырақты орман шекарасымен бойымен жалғасады. Бұл таң қалдыратын ерекше дәмі бар қасиетті қайнар бұлақ, жыл бойы істеп тұрады. Күштілігі сондай, бұлақ түбінде қайнап жатқан құм, қыс мезгілінде су құбыры жарылғандай әсер береді. Соқпақ мүкпен тығыз өсіп кеткен қарағайлы орман арқылы өтеді, содан соң «Бұлбұл» қайыңды шоқ орманына алып келеді. Осы жерде «Жасырын» бұлақ орналасқан, оның өзіне тән иісі мен түрі бар, жуынған кезде ләззат алып, бойыңа күш жиналған әсерге бөлесің. Сапар желісі «Бұлбұл» шоқ орманын бойлай, «Жабайы» бұлағына тіреледі. Содан кейін «Аю» шоқысына көтерілу басталады. «Аю» шоқысы беткейінің ортасына қарай кішкене алаңқай бар, одан Зеренді көлін қоршап тұрған шоқылар мен далаға тамаша көрініс ашылады. Алаңқайдан тауға тік көтерілу қиындай түседі және осылайша «Аю» шоқысының шыңына шығамыз. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 687 метрді құрайды. Бұл жерден 30 метр қашықтықта Зерендінің кең байтақ алқабы керемет көрінеді. «Аю» шоқысы шыңынан бұл жердегі керемет Балқаш тауларын, Айдабол, Қарағайлы, Шамалды көлдерін, сфагнум батпағын тамашалауға болады. Шоқының ең биік нүктесінде «Тасты торт» атты жартас сынығы орналасқан. Оның шетінде тастан қаланған және қырыққұлақпен қапталған «Ежелгі адам мекені» орналасқан. Оны – «Қарлы адам үйі» деп те атаған.